Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық дамуминистрлігі Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті Кеңістіктік деректерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, «А» функционалдық блогы, C-4 санаты, (УГКИГУ-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

375741

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Геодезия

Қосымша талаптар

картография

Функционалды міндеттер

Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау;

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (бұдан әрі - ҰКДИ) дамыту тұжырымдамасын мемлекеттік органдармен әзірлеуге және келісуге қатысу;

Мемлекеттік, халықаралық және жергілікті есептеу жүйелері арасындатүрлендіру және трансформациялау параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;

Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың геопорталдары мен ақпарттық жүйелеріндегі деректерін жаңа QazTRF-23 координаттар жүйесіне қайта есептеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

Кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту, спутниктік геодезиялықжелісі және геоцентрлік координаттар жүйесі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл;

Геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы менсапасын бақылауды жүргізуге қатысу;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде картографиялықматериалдарды (аэроғарыштүсірілімдер) одан әрі ашық пайдалану үшін оларды бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

Басқарма құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынныңқызметін ұйымдастыруға қатысу;

Құпияландырылуға жататын мәліметтердің Ведомстволық тізбесін жәнеашық жариялануға тыйым салынған «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар түрлерінің ведомстволық тізбесін әзірлеуге қатысу;

Құпиялық режимін бақылау мен ақпаратты қорғау мәселелері бойыншажұмыстарға қатысу;

Геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарастыру;

Азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарау жәнетүсіндірмелер дайындау;

Басшылық айқындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2026 – 22.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (QOSYL) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-64