Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық трансформация саясаты департаменті нормативтікқұқықтық актілердің әдіснамасы және цифрлық сараптама басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 20 қыркүйекке дейін) «А» функционалдық блогы № УМИЦЭНА-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
375741
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Есептеу техникасы және басқару
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға.
Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға.
Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға.
Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға.
Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға.
Қызметтік әдепті сақтауға.
Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарауға.
Оларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу.
Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе Құқық қорғау органдарының назарына жеткізу.
Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де сақтау.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, арнамысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу.
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету.
Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.
Цифрлық трансформацияны әдіснамалық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
Ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту, оның ішінде:
- «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды;
- «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырумониторингі қағидаларын;
- «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамытукезінде бірнеше рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларын;
- мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылатынқолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын.
Басқарма құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау.
Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты орындау.
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақтылы хабарлау.
Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді.
Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекітуге енгізу бойынша жұмыстарды орындайды.
Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауға қатысу.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау;
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Цифрлық трансформация бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (QOSYL) арқылы өткізілуі мүмкін).
-
64-91-61