Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ішкі аудит департаменті Аудит және тәуекелдерді талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) «Б» функционалдық блогы № УАИАР-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

бизнес және менеджмент,

Cертификаттың бар болуы: Мемлекеттік аудитордың біліктілігін растайтын сертификатының болуы.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға;

Өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес мынадай өз өкiлеттiктердi:

Қаржылық есептілік аудит жүргізуге қатысуын;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит объектілері) қызметінің барлық бағыттарын, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша, Министрліктің мемлекеттік саясатын әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға,       мемлекеттік         аудит        және қаржылық бақылау

стандарттарына қатаң сәйкестікте тиімділік аудитін жүргізуді;

Ішкі мемлекеттік аудит объектілеріндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте сәйкестік аудитін жүргізуді;

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізуді;

Ішкі мемлекеттік аудит объектісіндегі тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте тексеруді;

Ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдауды;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, министрліктің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп жобасын Министрге дайындауды.

Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

Министрліктің даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттерін талдаудың бюджеттік шығыстармен өзара байланыстығын, оның ішінде, бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдауды;

Министр үшін ішкі мемлекеттік аудит объектілері жылдық жұмыс жоспарларының орындалуын мониторингілеуді;

Бюджетті атқару кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Министр құратын жұмыс топтарға Департаменттің қатысуын;

Департамент басшысының тапсырмасы бойынша Департаменттің құзыретіне кіретін жекелеген мәселелер бойынша қорытынды дайындауды;

Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп Министрдің бекітуіне ұсынуды және орындауды;

Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Министр бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастыруды;

Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органдармен келісуді;

Жүйелі негізде міндетті орындалатын ұсынымдар мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде ішкі мемлекеттік аудит материалдарын бірыңғай деректер қорына және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізуді;

Ішкі мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар беруді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасауды;

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпараттар жіберуді;

Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептерді дайындау;

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі іс-шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге;

Қызметтік әдеп талаптарын сақтауға;

Қызметтік жұмыс және ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде алынған құжаттарының сақталуын, мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламауға;

Департамент басшысына мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;

Министр басшылық ететін мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңеспен өзара іс-қимыл жасауға, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етуге;

Лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде бейтарап және саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға;

Қызметтік тәртiпті сақтауға;

Өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;

Департамент басшысының бұйрықтары мен өкiмдерiн, Министрдің шешімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған нұсқауларын орындауға;

Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;

Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, арнамысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдау;

Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Департамент, Министрлік басшыларының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға міндетті.

Бюджет процесінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында консультациялық көмекті жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру үшін консультациялық көмекті жүзеге асырады;

Өкілді органдарда республикалық немесе жергілікті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындайды;

Министрлік пен оның ведомствосы көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша бақылау ісшараларының жыл сайынғы жоспарын әзірлеуді жүзеге асыру;

Уәкілетті орган жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына қатысу;

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беру; е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2026 – 22.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (QOSYL) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-61