Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 «Б» функционалдық блогы № УПО-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
323914
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Орындауға келіп түсетін бақылау және қызметтік құжаттарды уақтылы және сапалы қарайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарайды.
Нормативтік құқықтық актілер жобаларына, халықаралық келісімдер жобаларына және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігіне уақтылы және сапалы құқықтық сараптама жүргізеді.
Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған Заңдардың немесе заңнамалық түзетулердің жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындыларының жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Ағымдағы заңнаманың жай-күйіне, халықаралық тәжірибені ескере отырып, оны дамыту перспективаларына талдау жүргізеді және Министрліктің жетекшілік ететін салаларында құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша талдамалық есептер мен анықтамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады.
Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық келісімдердің жобаларын басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарда заңдық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Нормашығармашылық және құқық қолдану практикасына талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша бар кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Министрліктің норма шығару қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады, Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жоспарын әзірлейді және іске асырады.
Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңестің тиісті жұмысын қамтамасыз етеді.
Министрліктің және Департаменттің басшылығы үшін Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сапалы талдамалық және анықтамалық материалдар, баяндамалар жобаларын дайындауды жүзеге асырады.
Министрліктің және Департаменттің басшылығы үшін анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және келісу барысы туралы анықтамалық ақпаратты және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізеді, оның ішінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына түсіндірмелер дайындайды.
Министрлік қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не оның құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібі мен Әдеп кодексінің талаптарын (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтайды.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды.
Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды.
Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (QOSYL) арқылы өткізілуі мүмкін).
-
64-91-61