Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Жасанды интеллект және деректерді басқару департаменті салаларда AI-ді ендіру басқармасының бас сарапшысы, «А» функционалдық блогы, C-4 санаты, (УВAВО-4).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

375741

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Есептеу техникасы және басқару
  • үлкен талдаулар базасы
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
  • Жасанды интеллект
  • Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы

Функционалды міндеттер

3.1. Департамент басшылығына Департамент жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.

3.2. Әртүрлі салаларда жасанды интеллектті енгізу саласындағы халықаралық тәжірибені зерттейді.

3.3. Әртүрлі салаларда жасанды интеллектті енгізуге байланысты мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұйымдарымен, сыртқы саясат ведомстволарымен және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

3.4. Ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік заңнамасы бойынша міндеттемелерді орындайды;

3.5. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

3.6. Басқарма құзыретіне кіретін Департамент және Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды.

3.7. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді.

3.11. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысады.

3.12. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар және басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдар дайындайды.

3.13. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар және басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдар дайындайды.

3.14. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді.

3.15. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

3.16. Ол туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды.

3.17. Өз құзыреті шегінде халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды;

3.18. Келіссөздер процестеріне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады;

3.19. Өз құзыреті шегінде ЖИ саласындағы стратегияларды әзірлейді және үйлестіреді;

3.20. Өз құзыреті шегінде ЖИ саласындағы стратегияларды әзірлейді және үйлестіреді;

3.21. Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдер мен мәселелердің сипатын сенімді толтырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.06.2026 – 08.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25Мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 64-91-58