Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмысы және персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4, «А» функционалдық блогы № УКРИРП-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

375741

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Персоналды басқару

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады;

Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және өзге де актілерді әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

Басқарманың құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; Белгіленген мерзімдерге сәйкес Министрліктің және оның ведомстволарының саяси, «А» және «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінің тиімділігін бағалау мен талдауды жүргізудің негізгі ережелерін, бағыттарын, өлшемдері мен тетіктерін айқындайтын құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

«Персоналды басқару» бағыты бойынша Министрліктің және оның ведомтволарының ұйымдастырушылық дамуының тиімділігін бағалауды жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

Министрліктің және оның ведомтволарының «Easy project» ақпараттық жүйесінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты (№4 ҮББ) шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалар топтарын орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады, оның ішінде Министрлікке бағынысты мекемелерді қоса;

Мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну үшін кандидатураларды қарау және ұсыну жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және қызметін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлерді Министрдің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау жөніндегі материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Министрліктің әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссиясының жұмысын салалық құрылымдық бөлімшелермен және комитеттермен бірлесіп ұйымдастырады.

Министрлік салалық құрылымдық бөлімшелермен және комитеттермен бірлесіп жетекшілік ететін салалардағы кәсіптік стандарттар мен салалық біліктілік шеңберлері мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Министрлік пен оның ведомство қызметкерлерін көтермелеу, сыйақы беру және бонус төлеу мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады және қызметін қамтамасыз етеді;

Келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды;

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау бойынша жұмыс жүргізуді, сондай-ақ оны жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады;

Ұжымды біріктіру, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және қолайлы психологиялық ахуал құру мақсатында іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МҚІА-ға есептерді дайындауды және тапсыруды жүзеге асырады.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады;

Басқарма әзірлеушілері басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілер Нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қолданады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік ведомстволарының жұмысын үйлестіреді.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.

Министрліктің және оның ведомстволарының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның ведомстволары қызметінің тиімділігін бағалау мен талдаудың негізгі ережелерін, бағыттарын, өлшемшарттарын, тетіктерін айқындайтын құқықтық актілерді әзірлеуге қатысы.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның ведомстволарының қызметін бағалау мен талдаудың негізгі көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның ведомстволары қызметінің тиімділігін бағалау және талдау нәтижелері бойынша ақпарат жинау және талдамалық есептерді, қорытындыларды,ұсыныстарды дайындау.

Бағынышты ұйымдардың басшылығына аттестация өткізу және тағайындауды ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызметкерлерге жеке құрам бойынша бұйрықтар дайындау, еңбек шарттарын жасау.

Іссапарлар кестесін әзірлеу және бекіту, іссапарлар бойынша бұйрықтарды келісу.

Еңбекке жарамсыздық парағының тіркеу журналына енгізу.

Министрліктің басшылығына және Департамент қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелінін жүргізу.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу, № Т-2 нысанды жеке карточкаларды жүргізу.

Әскери міндеттілерді бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.

Жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді аудандар бойынша Астана қаласының ҚІБ-на ай сайын ұсыну.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға жылына бір рет келіп түсуіне қарай Т-2 нысанды карточкаларды Астана қаласының аудандары бойынша ҚІБ-мен салыстыру жүргізу.

Министрлік және оның ведомстволары қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу және еңбек кітапшаларын толтыру.

Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін қызметшілердің құжаттарын дайындап ҚР ҰҚК-не арнайы тексеріске жолдау.

Министрліктің және оның ведомстволарының басшылық лауазымға орналасатын тұлғаларды Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына келісуге жіберу.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің орындауының сақталуын қамтамасыз ету.

Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін әдеп кодексімен таныстыру.

Аттестациялау комиссиясының қызметін ұйымдастыру.

Президенттік жастар кадры резервіне резервистерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс, «Ашық деректер» порталына тоқсан сайын резервистердің деректерін толтыру.

Мемлекеттік қызметшілер мен штаттан тыс қызметкерлердің жалпы еңбек өтілі мен еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету.

Кадр мәселелері бойынша ақпарат пен барлық есептерді дайындау, құрастыру және жүйелерде ұсыну.

Министрліктің және оның ведомстволық, аумақтық бөлімшелерінің құрылымын, соның ішінде Е-қызмет жүйесінде, қалыптастыру және бекіту.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге,соның ішінде Е-қызмет жүйесінде, қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту.

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға соның ішінде Е-қызмет жүйесінде, конкурсты ұйымдастыру және өткізу.

Тәлімгерлік және бейімделуді кәсіби ұйымдастыру.

Тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыру.

Мобильді жұмыс орталығынан жіберілетін штаттан тыс қызметкерлер мен жұмысшылар үшін кадрлар туралы бұйрықтарды дайындау,еңбек шарттарын жасасу және еnbek.kz электрондық деректер базасына енгізу.

Ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілерді ротациялау бойынша жұмыс.

Министрлік және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбек демалысын ұзарту және ауыстыру, еңбек демалысын беру бойынша бұйрықтарды келісу.

Министрліктің және ведомстволардың мемлекеттік қызметшілерінің жыл сайынғы демалыс кестесін жасау.

Мемлекеттік қызметшілердің сәйкестендіру карталарын дайындау және дайындау бойынша жұмыс.

Міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін әзірлеу және бекіту.

Кадр мәселелері бойынша ақпарат пен барлық есептерді дайындау, құрастыру және жүйелерде ұсыну.

МОИП жүйесінде есептік жазбаны құру.

Қызмет тізімдерін дайындау.

Министрліктің мемлекеттік қызметкерлерін ҚР БП ҚСжАЕК "Ақпараттық қызмет" жүйесінде тексеруді қамтамасыз ету.

Қызметтік тергеу жүргізy.

Е-қызмет жүйесінде қызметкерлердің жеке деректерін жүргізу.

Бекітуге енгізілген құқықтық актілердің жобаларын қарау.

Жеке және заңды тұлғалардың кадр мәселелері бойынша, соның ішінде Министрінің блогына келіп түскен өтiнiштерді қарайды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау тапсырмаларын орындайды.

Жеке және заңды тұлғалардың кадр мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің блогына түскен өтініштерін қарайды.

Өз құзыреті шегінде мұрағатқа құжаттарды қалыптастыруды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Өз құзыреті шегінде Министрлік пен оның ведомство қызметкерлеріне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша кеңес береді.

Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды.

Департамент директорының, директор орынбасарының және басқарма басшысының тапсырмалары мен өкімдерін орындайды.

Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды.

Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2026 – 09.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.06.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, Мангилик ел д. 55/5, блок С2.4 (при необходимости может быть проведено посредством средств дистанционной видео-связи (ZOOM)).

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-61