Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті реинжиниринг басқармасының бас сарапшысы, «А» функционалдық блогы, C-4 (1 бірлік), № УР-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
375741
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу шеңберінде көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдауға негіз болатын актілерді қабылдауды, есептерді және өзге де құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда цифрлық трансформация және бизнес-процестерді реинжинирингтеу бойынша салааралық және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеуді талдау жұмыстарына әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
Мемлекеттік органдар жүргізген бизнес-процестерді реинжинирингтеу нәтижелері бойынша қарау және қорытындылар беру;
Мемлекеттік органдардың цифрлық трансформация карталарын олардың мазмұнына, нысаналы көрсеткіштеріне және стратегиялық әрі әдіснамалық
талаптарға сәйкестігіне сараптамалық бағалау жүргізе отырып келісу;
Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту;
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестерді реинжинирингтеу әдістемесін бекіту;
Цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 енгізу бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Өтініштер бойынша қойылған мәселелердің сипаты мен қабылданған шешімдердің дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін
(мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),
Министрлікте/Комитетте құжаттаманы ресімдеу және құжат айналымын басқару қағидаларын сақтау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
Комитет пен Министрліктің жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін кіріс хат-хабарларды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, сондай-ақ олардың тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарма құзыреті шегінде Комитет жасасқан шарттардың орындалуын бақылау және тексеру, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар актілерін келісу;
Басқарма құзыретіне жататын ақпараттық жүйелерді дамыту және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау;
Басқарма туралы ережеде айқындалған функцияларға сәйкес өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жүзеге асыру;
Басқарма құзыреті шеңберінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарлары іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау нысаналы индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты орындау.
Басқарма құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, анықталған жағдайда оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және Министрлік басшылығына бекітуге енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).
-
64-91-61