Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық дамуминистрлігі Цифрландыру бағдарламаларын үйлестіру және жобалық басқару саясаты департаменті Әдіснама және жобалық басқаруды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) УМИКПУ-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
375741
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойыншаМемлекеттік органдардың жобалау кеңселерінің қызметін үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және өзге де жоспарлауқұжаттары шеңберінде іске асырылатын жобаларды/бағдарламаларды/портфельдерді іске асыру кезінде проблемалық мәселелерді шешу және кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.
Жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндеұсыныстар енгізу.
бастамаларды, жобаларды, бағдарламаларды, оның ішінде ұлттықжобаларды, мемлекеттік органдардың портфельдерін басқару жөніндегі процестердің жобалық басқару әдіснамасына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Жобалық басқару мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді,мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын, мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік регламентін, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқаруды дамыту бойынша әдіснамалық ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.
Мемлекеттік органдардың жобалық персоналын басқару жүйесін дамытужөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және өзге де жоспарлауқұжаттары шеңберінде іске асырылатын жобаларды жедел және сапалы әзірлеу үшін мемлекеттік органдармен міндеттер/үлгілік жобалар шаблондарын пысықтау.
жобалық басқару жөніндегі мамандардың білім беру және қоғамдықұйымдары мен кәсіби қоғамдастықтары арқылы жобалық персоналдың құзыреттілік деңгейін арттыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезінде жобалықбасқаруды енгізу және дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың жобалау кеңселерін әдіснамалық қолдау.
Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізумен байланысты негізгі проблемаларды шешу әдістерін әзірлеу үшін жобалық басқарудың икемді әдістері («аджайл») негізінде акселерациялау жолымен бастамаларды әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жобалау кеңселерін әдіснамалық қолдау.
Кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындағантәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышы, салалық біліктілік шеңбері негізінде Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және (немесе) өзектендіруге қатысу.
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттікоргандарда, Министрліктің бөлімшелерінде, өзге де мүдделі ұйымдарда өтетін кеңестерге қатысу.
Жобалардың басқарушы құжаттарын әзірлеу әдістемесін, жобалықжетілуді бағалау әдістемесін, жобаның негізгі ұлттық индикаторға және Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындау нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге үлесін айқындау әдістемесін әзірлеуге және бекітуге қатысу.
Жобалық басқару саласындағы ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыруғақатысу.
Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізумен байланысты негізгі проблемаларды шешу әдістерін әзірлеу үшін жобалық басқарудың икемді әдістері ("аджайл") негізінде акселерациялау жолымен бастамаларды әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жобалау кеңселеріне әдіснамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының жобаларын енгізу жөніндегі мемлекеттік органдардың жобалау қызметін үйлестіруді және әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету (ҚР ҰЭМ министрінің 21.10.2021 ж. №93 бұйрығына сәйкес).
Мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызыбар қалалардың, астананың инвестициялық жоспарларын енгізу кезінде үйлестіруді және әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету (ҚР 15.03.25 ж. №171-VIII Бюджет кодексіне сәйкес, 148-бап, 8-т.).
Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне үйлестіру қолдауын қамтамасыз ету және «цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары»орындау барысы туралы есепті және ақпараттық материалдарды дайындау.
Жобалық басқару форумында бір жыл ішінде жобалық кеңселердіңжұмысын қорытындылау үшін талдамалық есепті және басқа материалдарды дайындау, сондай-ақ табысты жобалар бойынша тәжірибе алмасу.
Жобалық басқару жөніндегі форумға спикерлер ретінде белгіліхалықаралық жобалық менеджерлерді, жобалық басқару жөніндегі сарапшыларды тартуды және олардың қатысуын ұйымдастыруға қатысу.
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) бекітуге қатысу.
Стратегия іс-шараларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттікоргандармен, ұйымдармен және барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Ақпараттық жүйеге енгізу үшін мемлекеттік органдармен, ұйымдарменжәне басқа да стейкхолдерлермен жоба шаблондарын пысықтау.
Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне Стратегия жобаларын енгізубойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру және сүйемелдеу.
Ақпараттық жүйедегі стратегия іс-шаралары бойынша міндеттер саныныңтолықтығына, реттілігіне, жеткіліктілігіне енгізу сапасына талдау жүргізу.
Стратегия жобаларын пысықтау бойынша мемлекеттік органдармен,ұйымдармен және басқа да стейкхолдерлермен тұрақты скрам-кездесулер өткізу.
Стратегияны сүйемелдеу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестерге қатысу.
Стратегия іс-шараларының іске асырылу барысына жедел мониторингжүргізу.
Басшылық Стратегиясы бойынша және басқалар бойынша, оның ішіндеақпараттық жүйе арқылы есепті және ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыру.
Стратегияны іске асыру мониторингінің қорытындылары бойыншабасшылық үшін материалдар дайындау.
Ұлттық жобалық кеңсенің басқарушы кеңесін өткізуге қатысу.
Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралықақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялауға қатысу.
Мемлекеттік органдардың жобалау кеңселеріне мүдделі құрылымдықбөлімшелерге Ұлттық жобалау кеңсесі қызметінің регламентіне сәйкес жүйе құжаттарының және өзге де жоспарлау құжаттарының іске асырылу барысы туралы жедел ақпарат беру;
Департамент басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімдесапалы орындау, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды бірлесіп дайындауға қатысу.
Департамент құзыреті шегінде Жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасыбойынша өзге де функцияларды орындау.
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысынболғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдау. Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзінің тікелей басшысын немесе мемлекеттік органның басшылығын бұл туралы белгілі болған бойда жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Мүдделер қақтығысы анықталған кезде лауазымдық міндеттерін орындауды тоқтатыңыз.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылданғанмәселелер мен шешімдердің сипатын Е-Өтіш ақпараттық жүйесінде дұрыс толтыру.
Департамент құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарлар бойыншаматериалдар мен қорытындыларды уақтылы және сапалы дайындау.
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ПрезидентӘкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге де мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).
-
64-91-56