Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және ХҚКО-ның цифрлық сервистер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УГУИЦСЦ-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

375741

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері мен цифрлық сервистерін цифрландыруды жетілдіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.

Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері мен цифрлық сервистерін цифрландыруға талдау жүргізеді және тікелей бақылауды жүзеге асырады.

Басқарманың құзыреті шегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен ХҚКО-ның цифрлық сервистерін цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері мен сұрауларын қарауды қамтамасыз етеді.

ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері мен цифрлық сервистерін цифрландыруды үйлестіреді.

Мемлекеттік қызметтер мен цифрлық сервистерді цифрландыру бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтер мен цифрлық сервистерді цифрландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара ісқимылды және үйлестіруді жүзеге асырады.

Цифрландырылған мемлекеттік қызметтер мен ХҚКО цифрлық сервистері бойынша өтінімдерді қабылдау сапасына мониторинг жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер мен цифрлық сервистерді цифрландыру жөніндегі жоспарларды, техникалық тапсырмаларды және Жол карталарын қарайды.

Мемлекеттік қызметтер мен цифрлық сервистерді цифрландыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Басқарма құзыреті шегінде Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау мерзімдері мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді.

Бақылауға алынған тапсырмалардың орындалуын тексереді.

Мемлекеттік қызметтер мен ХҚКО цифрлық сервистері мәселелері бойынша Министрлік пен Комитеттің алқа отырыстарына, аппараттық кеңестеріне ақпарат дайындайды.

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік материалдарды, ақпараттарды, есептерді және өзге де құжаттарды дайындауға қатысады.

Министрлік пен Комитет бекіткен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бақылайды.

Мемлекеттік қызметтер мен ХҚКО цифрлық сервистері мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс (БКБ) форматындағы кеңестерді ұйымдастырады және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

Комитет регламентінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2026 – 09.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-61