Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті экономиканың нақты секторын цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УЦРСЭ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

375741

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы
  • Мемлекеттік саясат

Функционалды міндеттер

Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау.

Өз құзыреті шегінде экономиканың нақты секторын цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

Әлеуметтік-экономикалық блок вице-министрлерінің ұсыныстарын жинау, талдау және KPI бекіту;

Мемлекеттік органдардың веб-негізделген жобаларды басқару құралын пайдалануы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

Басқарма құзыреті шегінде мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарауды қамтамасыз етеді;

Басқарма құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

Жобаның ресурстары мен мүдделі тараптарын анықтау, жобалар бойынша жұмыс тобының құрамын қалыптастыру және оларға қатысушылардың жұмысын үйлестіру;

Жоспарларға сәйкес жобаларды іске асыруды ұйымдастыру; басқарма жобаларының мерзімі мен құнын қарау және келісу; Басқарма құзыреті шегінде жұмыс топтарына, кеңестерге қатысу;

Халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты ұйымдастыру, Министрліктің басшылығына халықаралық қатынастар саласында ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу, үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмыс топтарына қатысу, «шетелдік іссапарлар» және «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттың пайдаланылу жоспарын қалыптастыру және есебін жүргізу;

Экономиканың нақты секторын цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау;

Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету.

Басқарма құзыретіне жататын жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді қамтамасыз етуге қатысу;

Министрліктің алқаларына, аппараттық кеңестеріне ақпарат дайындауды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, ақпараттарды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысу.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Цифрландыру жөніндегі комиссияның экономиканың нақты секторы мәселелері жөніндегі материалдарын дайындау және жұмысын ұйымдастыру;

Жұмыс топтарына, кеңестерге қатысу.

Бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру, мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың сауалдары мен консультацияларын қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру.

Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау.

Басқарма құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша жұмысты орындау.

Комитеттің ережесінде белгіленген функцияларға сәйкес құзыреті бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды орындау.

Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстарды орындау.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Әкімшілік-қаржылық жұмысы Басқармасына уақтылы ұсынуға және хабарлауға қатысу.

Басқарма құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді.

Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды орындау.

Комитет ережесіне сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2026 – 09.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-61