Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті сараптама басқармасының бас сарапшысы, C-4 ( 1 бірлік) № УЭ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология

Функционалды міндеттер

Сараптама шеңберінде көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдауға негіз болатын актілерді қабылдауды, есептерді және өзге де құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;

Әлеуметтік-экономикалық саладағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін ақпараттандыру саласындағы техникалық шарттарға сараптама жасау және қорытындылар беру;

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған әлеуметтік-экономикалық салаларды ақпараттандыру саласындағы шығыстардың есеп-қисабын сараптау және қорытындылар беру.

«Электрондық үкіметтің» сәулет порталында әлеуметтік-экономикалық саладағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді жазуды ұйымдастыру;

Әлеуметтік-экономикалық саладағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін пайдалануға енгізуге қатысу;

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттікжекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, әлеуметтікэкономикалық саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнесжоспарына салалық қорытындыны қарау және беру;

Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, әлеуметтікэкономикалық саладағы бюджеттік инвестицияларға қаржылық-экономикалық негіздемеге қорытынды беру;

Басқарма құзыреті шеңберінде Министрліктің Даму жоспары мен Операциялық жоспары іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты орындау;

Басқарма құзыреті шегінде сараптамаға байланысты мәселелер бойынша қызметтік іссапарларға шығу;

Комитет/Министрлік қатысатын азаматтық-құқықтық дауларды реттеу процестерінде талап қою-шағым жұмыстарын қамтамасыз ету және жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру;

Талап қою арыздарының, талап қою арыздарына пікірлердің, өтінішхаттардың және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу және талдау жұмыстарын қамтамасыз ету;

Жоспарланған кезеңге арналған Комитеттің бюджеттік өтінімін әзірлеу және оны уәкілетті мемлекеттік органда қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондайақ Комитеттің республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын игеру барысына мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;

Басшылықтың қол қоюына ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде Комитет бойынша бұйрықтардың заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, сондай-ақ олардың тиісінше орындалуын қамтамасыз ету

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2026 – 09.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін).

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-61