Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ішкі аудит департаменті Аудит және тәуекелдерді талдау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № ДВА-2-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Қосымша талаптар: мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуі туралы мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.
Функционалды міндеттер
Басқарма басшысы өз өкілеттігі шегінде бас сарапшыларының қызметін үйлестіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға; Өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес мынадай өз өкiлеттiктердi: Қаржылық есептілік аудит жүргізуге қатысуын; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит объектілері) қызметінің барлық бағыттарын, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша, Министрліктің мемлекеттік саясатын әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте тиімділік аудитін жүргізуді; Ішкі мемлекеттік аудит объектілеріндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте сәйкестік аудитін жүргізуді; Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізуді; Ішкі мемлекеттік аудит объектісіндегі тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте тексеруді; Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды; Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттерін талдаудың бюджеттік шығыстармен өзара байланыстығын, оның ішінде, бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдауды; Министр үшін ішкі мемлекеттік аудит объектілері жылдық жұмыс жоспарларының орындалуын мониторингілеуді; Бюджетті атқару кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Министр құратын жұмыс топтарға департаменттің қатысуын; Департамент басшысының тапсырмасы бойынша департаменттің құзыретіне кіретін жекелеген мәселелер бойынша қорытынды дайындауды; Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп Министрдің бекітуіне ұсынуды және орындауды; Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Министр бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастыруды; Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органдармен келісуді; Жүйелі негізде міндетті орындалатын ұсынымдар мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде ішкі мемлекеттік аудит материалдарын бірыңғай деректер қорына және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізуді; Ішкі мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ісәрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар беруді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, министрліктің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті Министрге дайындауды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасауды; Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпараттар жіберуді; Жыл сайын Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептер беруді қамтамасыз етуге; Қызметтік және әдеп талаптарын сақтауға; Қызметтік жұмыс және ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде алынған құжаттарының сақталуын, мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламауға; Департамент басшысына мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға; Министр басшылық ететін мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңеспен өзара іс-қимыл жасауға, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етуге; Лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде бейтарап және саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға; Қызметтік тәртiпті сақтауға; Өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; Директордың бұйрықтары мен өкiмдерiн, Министрдің шешімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған нұсқауларын орындауға; Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, арнамысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға; Сыбайлас жемқорлық туралы шаралар қабылдауға; Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы директордың, Министрлік басшыларының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға міндетті; е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156