Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті Кеңістіктік деректерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДГИК-2-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

«ҰКДИ» бюджеттік ивестициялық жобасын әзірлеуді, түзетуді және қажетті салалық және экономикалық сараптамалардан өтуді ұйымдастыру; Мүдделі мемлекеттік органдардың салалық (ведомстволық) және өңірлік деректері негізінде кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; Мемлекеттік, халықаралық және жергілікті санақ жүйелері арасында түрлендіру және трнасформациялау параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар; Кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту, спутниктік геодезиялық желіні құру және координаттардың геоцентрлік жүйесін белгілеу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік геодезия және картография қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; Департаменттің шетелдік ісспарлар жоспарын қалыптастыру; Геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық, техникалық актілердің жобаларын әзірлеу; «ҰКДИ» инвестициялық жобасы бойынша жұмыстарды орындау бойынша шарттың, тапсырманың, техникалық ерекшеліктің және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу және ұйымдастыру; «ҰКДИ» БИЖ шеңберінде орындалатын геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы мен сапасына бақылау жүргізуді ұйымдастыру; Ашық пайдаланудағы картографиялық материалдармен (аэроғарыштық түсірімдер, карталар, жоспарлар) қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға қатысу; Геодезия және картография саласындағы таратуға, құпияландыруға жататын мәліметтердің, шектеулі қызметтік ақпараттың тізбелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, түсініктемелер беру; Азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарау және түсіндірмелер дайындау; Басшылық айқындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2025 – 26.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156