Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УПО-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес Еңбек міндеттерін орындауға міндетті; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін, оның ішінде басқарма қызметкерлері арасында жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге міндетті; Басқарманың жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және үйлестіруге және оның орындалуын қамтамасыз етуге міндетті; Лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу; Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға, ғарыш саласы мәселелері бойынша Министрліктің стратегиялық, операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізу; Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптамасын жүзеге асыру; Әзірлеушісі Комитет болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуі кезінде басқарма қызметкерлерінің қатысуына және қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; Комитет, Министрлік әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Комитеттің, Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысуға құқылы; Әртүрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдар құратын топтардың жұмысына қатысуға құқылы; Құзыреті шегінде Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитеттің атынан түсіндірмелер дайындау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан Комитетке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жүзеге асыру; Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппенсотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Комитеттің мүдделерін білдіруге; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхат беруге; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті; Комитетте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру; Өз құзыреті шегінде қарамағындағы кәсіпорындардың қызметтерінің негізгі бағыттарына мониторинг жүргізу және жалғыз акционердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру; Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың жалғыз акционері мен Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті; Өз құзыреті шегінде мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Үкіметі Аппаратының, басшылықтың, Министрліктің, Комитеттің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті; Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасын және жалпығабірдей құқықтық оқытуды насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға; Басқармадағы бақылау құжаттарының және барлық кіріс хатхабарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге; Ішкі еңбек тәртібінің белгіленген қағидаларын сақтауға міндетті; Комитеттің норма шығармашылық қызметіне талдау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және талдау нәтижелері бойынша Комитет Төрағасына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізуге; Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізу мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізуді ұйымдастыруға; Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттар дайындауға; Комитет Төрағасына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, қаулылардың, өкімдердің және басқа да құжаттардың жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан заң сараптамасын жүзеге асыруға құқылы; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің айсайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық есептерін жасау және уақтылы тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға; Өз құзыреті шегінде заң мәселелері жөніндегі комитет қызметкерлеріне консультация беруге; Құзыреті шегінде "құпия", "өте құпия"деген белгісі бар құжаттардыорындау; «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156