Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, C-3 (1 бірлік) № УПЭ

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Этикалық кодекс саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету. Қызметтік этика нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу. Министрлікте моральдық-психологиялық климаттың жай-күйін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл және Этикалық кодекс салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл және Этикалық кодекс саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу. Уәкілетті органға әдеп мәселелері бойынша тоқсан сайынғы статистикалық есепті дайындау. "Сенім телефонының" жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Келісуге келіп түскен НҚА жобаларын қарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде министрдің блогына түскен өтініштерді қарау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.05.2025 – 03.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156