Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРДВОТ-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Көп арналы электр байланысы

Қосымша талаптар

Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және салық аймақтарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу; біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу, өз құзыреті шегінде радиоэлектрондық жабдықты және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану үшін радиожиілік спектрін тарату және пайдалану. мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) тағайындау, радиоэлектрондық жабдықты және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиоэлектрондық азаматтық мақсаттағы электромагниттік үйлесімділікті есептеу қағидаларын әзірлеу; Қазақстан Республикасы РЖС пайдалануға рұқсат беру үшін мына байланыс түрлері бойынша өтініштерді қарастыру жұмыстарын жүргізу: транкингтік байланыс, жерсеріктік байланыстың жер станциялары, жылдымалы жерсеріктік байланыс желілері, деректерді тарату желілері. Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретінрадиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру және өтініштерді қарау бойынша жұмыстар жүргізужәне(немесе) оларды импортқа лицензиялар беру. РЖС келісу мәселелері бойынша мүдделі ведомстволармен өзара әрекет ету.РЖС бөлу саласында нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; қаржылықшаруашылық құжаттармен жұмыс істей білу, бюджетке есептеулер жасау және жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, нақтылау, түзетулер енгізу.Өз қызметінің қажет есептілігін дайындау. Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық органдармен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету. Цифрлық бизнес – Е- лицензирование порталда тапсырма мәлімдемелерін әзірлеу . Басқарма құзыретіне кіретін өзге де қызметтерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.05.2025 – 29.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156