Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Талдау және жобалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДСП-3-5
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау; Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдау; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу; Қызметтік тәртіпті сақтау; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау; Қызметтік әдепті сақтау; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін Заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беруге міндетті; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге міндетті; Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру; Оларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асады; «Amanat» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есепті дайындауды жүзеге асады; Басқарманың құзіретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады; Материалдарды дайындауға және Министрлік алқасының отырыстарын өткізегу қатысады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрлік басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындайды; Жобалық басқару шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі. Министрдің құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволармен, орталық мемлекеттік органдармен скрам-кеңестерін дайындау; Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне скрам-кеңестердің қорытындылары бойынша тапсырмалар енгізу және кейіннен іске асырудың мониторингі; Скрам-кеңестерден проблемалық жобалар мен орындалмаған тапсырмалар бойынша апта сайынғы негізде ақпарат дайындау; Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс жоспарларын қалыптастыру; Материалды және Министрліктің Қоғамдық кеңесі отырыстарын дайындау; Даму жоспары мен операциялық жоспарды әзірлеу, даму жоспары мен операциялық жоспардың орындалуы туралы есептерді дайындау; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысады. Өз құзыреті шегінде стратегиялық бағдарламалық құжаттардың мониторингін әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысады. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша ол туындаған жағдайда шаралар қабылдайды. Басқарма құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156