Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті стратегиялық жоспарлау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДСП-4-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; Қызметтік тәртіпті сақтауға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға; Қызметтік әдепті сақтауға; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін Заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беруге; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға; Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге; Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға; Оларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пара-пар өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; Министрліктің даму жоспарын әзірлеуді, бекітуді, түзетуді және орындау туралы есепті дайындауды қамтамасыз етуге; Министрліктің Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және орындау туралы есепті дайындау бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс жүргізуге; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ұзақ мерзімді құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысуға; Материалдарды дайындауға және Министрдің аппараттық кеңестерін өткізуге, сондай-ақ хаттамалық шешімдерді ресімдеуге қатысуға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына Министрліктің басшылығына ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға қатысуға; Министрліктің алқа отырыстарын өткізуге және материалдарды дайындауға қатысуға; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуге және келісуге қатысуға; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ұзақ мерзімді құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысуға; Басқарма құзыреті шегінде бағынысты ұйымдардың Даму стратегияларын қарастыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындауға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысуға; Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етуге; Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға тапсыруды қамтамасыз етуге; Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оларды болғызбау және реттеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауға; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік бойынша заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156