Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік-шаруашылық қызмет департаменті Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УМОИГЗ-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және басқа да ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, отырыстарға, кеңестерге қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелері бойынша, құрылымдық бөлімшелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен карауға және ол бойынша қорытындыларды дайындауға қатысады. Департамент пен Министрліктің басшылығы үшін материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады. Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мақсатында бұйрықтардың жобаларын, конкурстық құжаттаманы және конкурстық комиссияларды бекіту жөніндегі шешімдердің жобаларын әзірлейді. Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге және іске асыруға тікелей әсер ететін мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарды қалыптастырады және жасасады. Министрлікке жүктелген стратегиялық міндеттерді тікелей іске асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді тікелей іске асыруға бағытталған техникалық ерекшеліктердің ұсынылған жобаларының "мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 9баптарының нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Министрлік жетекшілік ететін салалардың мемлекеттік саясатын іске асыруға бағытталған шартты тікелей жасасу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, ашық конкурсты, аукционды және бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Басшылықтың бұйрықтарын,өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындайды. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды ұйымдастырады. Министрлiктің регламентін және Министрліктегі құжаттау және құжаттамаларды басқару регламентін сақтайды. Баға ұсыныстарды сұрату, ашық конкурс, аукцион және тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден тәсілдермен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру.Министрлік қызметкерлерін барлық қажетті негізгі құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады.Құрылымдық бөлімшелердің кабинеттерін орналастыру, өткізу жүйесі, орналастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Статистика департаментіне активтер бойынша Статистикалық есептілікті уақтылы жасау және ұсыну. Активтерді, материалдық емес активтерді және қорларды түгендеу жүргізуге қатысу. Белгіленген тәртіпке сәйкес активтерді, материалдық емес активтерді, қорларды уақтылы кіріске алу, есепке алу және есептен шығару. Активтерді, материалдық емес активтерді және қорларды бір жауапты тұлғадан басқа тұлғаға беруді белгіленген тәртіппен ресімдеу. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің материалдықтехникалық қамтамасыз ету саласындағы бұйрықтарының жобаларын әзірлеу. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындайды. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы Келісімнің жобаларын дайындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. Министрлік жетекшілік ететін салаларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, ашық конкурс, аукцион және мемлекеттік саясатты тікелей іске асыруға бағытталған бір көзден мемлекеттік сатып алуды бақылауды жүзеге асырады. Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру. Адамдардың Министрлік ғимаратына кіруін бақылау үшін күзетпен өзара іс-қимыл жасау. Ғимарат аумағында өткізу режимін ұйымдастыру және бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156