Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 22 қарашаға дейін) № УКГУ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды жүргізу. Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету. Басшылықтың тапсырмаларын орындау мерзімдері мен сапасының сақталуын қамтамасыз ету. Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық деректерді жинау. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік органдарға электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау шеңберінде кеңестер ұйымдастыру арқылы, телефон арқылы, электрондық пошта арқылы түсініктемелер жүргізу. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін қажетті ақпаратты жинау. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау шеңберінде мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты талдау. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарды көшпелі тексеруге қатысу. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қорытындылары бойынша қорытындылар жасау. Бағаланатын мемлекеттік органдардан электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қорытындысы бойынша алынған қарсылықтардың қорытындылары бойынша арнайы комиссияның қарауына келіспеушіліктер кестесін қалыптастыру және енгізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау нәтижелерін енгізу. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды бақылау және орындау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен уақтылығы, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін уақтылы тіркеу бөлігінде бақылау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен консультациялық жұмыстар жүргізуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау мен әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін, өтініштері мен шағымдарын қарау. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, Жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындау. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау; Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету. Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібі мен Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақталуын қамтамасыз ету Министрліктің регламентін және министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау. Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты орындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты орындайды. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты орындайды. Әкімшілік-қаржы жұмысы басқармасына Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап қою қажеттілігі туралы уақтылы хабарлайды. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты орындайды және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Министрлік басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекітуге енгізу жөніндегі жұмысты орындайды. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық шарттар мен өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдары әзірлеушілері болып табылатын халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттардың жобаларын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің құзыреті шегінде қарайды және келіседі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің құзыреті шегінде шет мемлекеттермен ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық шарттар мен өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Жетекшілік ететін жобалар бойынша бюджеттік өтінімдерді және олар бойынша есептерді әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілер бөлігінде әзірлеу, сот отырысына қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.03.2025 – 18.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156