Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРИИИ-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
- программалық инженерия
Қосымша талаптар
Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника; сандық журналистика
Функционалды міндеттер
Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Басқарманың құзыретіне кіретін жасанды интеллект бойынша жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Жасанды интеллект инфрақұрылымы саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, жасанды интеллект инфрақұрылымы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Жасанды интеллект инфрақұрылымы саласындағы халықаралық тәжірибені зерттейді. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарайды. Басқарма құзыретіне кіретін Комитет пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысады. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар және басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдар дайындайды. Басқарма істерінің номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Басқарманың құзыреті шегінде жасанды интеллект саласындағы жобалар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдік, шетелдік мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы танымал етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін медиа-жоспар мен материалдар дайындайды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара ісқимыл жасайды. Басқарма құзыреті шеңберінде халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл жасайды. Комитеттің міндеттеріне сәйкес жасанды интеллекттің технологиялық инфрақұрылымының (есептеу Қуаттылығы, үлкен тілдік модельдер, Ақпараттық жүйелер және т.б.) жиынтықтауыштарын сатып алу шеңберінде шарттарды әзірлейді және сүйемелдейді. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оны болғызбау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеу жөнінде шаралар қабылдайды. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдер мен мәселелердің сипатын сенімді толтырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156