Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті Мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДГИК-4-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Кадастр
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Департамент басшылығының тапсырмаларын орында; Министрліктің Стратегиялық жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, Комитетке тікелей қатысы бар міндеттер мен индикаторларға қол жеткізу; Өз қызметіне қатысты бөлігінде Комитеттің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде Департаментке келіп түскен азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен арыздарын қарайды және геодезиялық және картографиялық қызмет мәселелері бойынша жауаптар мен қажетті түсіндірмелерді, сондай-ақ органдардың ұсыныстары мен сұрауларын дайындайды; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді жүзеге асыру; Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; Басқарманың өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды жүзеге асыру; Геодезия және картография саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша озық технологияларды дамыту бойынша ұсыныстарды зерделеу, талдау және енгізу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпарат беру; Басшылықпен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2025 – 07.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156