Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Корпоративтік басқару департаменті акционерлік қоғамдармен жұмыс басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Функционалды міндеттер

Ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың есептілік мониторингі бойынша қызметті қамтамасыз ету және басшылық ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын әзірлеу, олардың мониторингі, іске асыру, бағалау және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді ұсыну мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ әдістемелік нұсқауларды әзірлеу. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын іске асыру бойынша Даму жоспарларының, түзетулердің, есептердің жобаларын қарауды қамтамасыз ету. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат жинауды қамтамасыз ету және уәкілетті органға олар бойынша есептілік дайындау. Есепті кезеңде ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің нәтижелерін тыңдауға материалдар дайындауды қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларының жобаларын және даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді белгіленген тәртіппен келісу. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу. Есепті кезеңде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің нәтижелерін тыңдауға материалдар дайындау. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі бойынша ақпаратты тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы ұсыну жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау бойынша бақылау және талдау бөлігінде салалық бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыру. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының таза табыстың бір бөлігін уақтылы аударуына және дивидендтерді республикалық бюджетке төлеуге мониторингті жүзеге асыру. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғылық капиталды ұлғайту арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау жүргізу, олар бойынша тиісті уәкілетті органдарға есептер береді. Кәсіпорындармен тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ұсынылған жұмыс құнының калькуляциясын қолданыстағы тәртіпке сәйкестігін тексеру. Ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметі туралы министр мен жауапты хатшы үшін материалдар дайындау. Базалық қаржыландыруға, мемлекеттік тапсырмаға және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың шығыстарын бюджет есебінен өтеудің басқа да нысандарына Бюджеттік өтінімді сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету. Басқарма құжаттарының сапалы және уақтылы орындалуын бақылау. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың корпоративтік жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.03.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел д., 8 үй

Анықтама алу үшін байланыс

+77172749578