Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Әкімшілік құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 27 қарашаға дейін) № УАР-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Функционалды міндеттер
Қызметтік тәртіпті сақтайды; Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдайды; Қызметтік этиканы сақтайды; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтайды; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін Заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтайды, ол жөнінде қолхат береді; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдаланады; Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпейді; Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуі бойынша шаралар қабылдайды; Еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережелерін) сақтайды;Басқарма жұмысын жақсарту бойынша Басқарма басшысына ұсыныстар енгізеді;Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асырады;Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстармен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындайды;Басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауды қамтамасыз етеді;Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды жүзеге асырады; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша есеп беру; Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156