ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді бақылауды жүзеге асыру. Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қарау, келісу жөніндегі жұмысты бақылау. Телекоммуникация және почта байланысы саласын дамытуға байланысты құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Пошта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыруға қатысу. Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почта индекстерін беру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты құжаттардың жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету. Басқармаға келіп түскен хат-хабарларды қарау және бөлу. Басқарма құзыреті шегінде байланыс мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау. Халықаралық ұйымдармен байланыс саласындағы ынтымақтастыққа (Халықаралық Электр байланысы одағы, Дүниежүзілік почта одағы, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық және т. б.), белгіленген тәртіппен салалық реттеу шеңберінде халықаралық тәжірибені қарауға, Министрліктің алқа отырыстарына, сондай-ақ Министрліктің басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239