Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-техникалық даму департаменті Ғылыми-техникалық саясат басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
Функционалды міндеттер
Жүктелген функцияларды уақытылы және сапалы орындау. Елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Ғылыми-техникалық дамудың әлемдік трендтерін зерттеу және талдау және олардың дамуын болжау. Реттелетін салаларда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресс мүддесінде отандық ғылым мен технологиялардың жетістіктерін пайдалану және оларды насихаттау жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Басқарма құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар енгізу. Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциализациялауды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау. Министрліктің жетекшілік ететін салаларындағы ғылыми-техникалық жобаларды қаржылық-экономикалық талдау. Маркетинг, ғылыми-техникалық қызмет жобаларының коммерциализациялауының экономикалық орындылығына қаржылық шолу. Елдің ғылыми-техникалық дамуын ынталандырудың қаржылық және қаржылық емес шараларын іске асыру мониторингі. Елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды әзірлеу және келісу. Ғылыми-техникалық болжау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел д., 8 үй
-
+77172749578