Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік) № ДСП-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
611 721
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарудың тиісті тәсілдерін қолдану негізінде жетекшілік етуші Департаменттің құрылымдық басқармалары қызметін ұйымдастырады. Департаментке жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жүргізеді. Министрліктің Даму жоспарын әзірлеуді және одан әрі қолдауды бақылау. Жыл сайынғы Операциялық жоспарды және Министрліктің Даму жоспарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру мониторингі бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Министрліктің қадағаланған бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау. Министрліктің Даму жоспарын іске асыру туралы жылдық есептің қалыптасуын бақылау. Министрлік қызметінің жалпы бағыттары бойынша талдамалық жазбаларды дайындауды қадағалайды, олар саясатты жетілдіру жолдарын ұсынуда. Министрліктің басшылығына аналитикалық материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Мониторингтік іс-шараларды ұйымдастырады және Министрліктің бағдарламалық құжаттарының тиімділігіне баға береді. Материалды дайындау және Министрліктің Қоғамдық кеңесі отырыстарын ұйымдастыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің негізгі бағдарламалық құжаттарын әзірлеу және мониторингі және оларды үйлестіру; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық жоспардың дайындығын бақылау; Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларын орындау жоспарының мониторингі; Департамент директорына Департаменттің құрылымы мен штаты бойынша, Департамент қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар береді. Департаменттің қызметкерлеріне Департамент шеңберіндегі мәселелер бойынша міндетті нұсқаулар береді. Департаменттің жұмысын жоспарлайды, оның орындалуын бақылайды және ұйымдастырады. Департаменттің қызметкерлерінен бұйрықтарды, шешімдерді, Министрліктің басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде орындауды талап етеді. Департаменттің қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру шараларын қабылдайды.Атқарушы және еңбек тәртібі департаментінің қызметкерлеріне және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этика кодекстеріне (мемлекеттік қызметшілердің ресми этикасының ережелері) сәйкестікті бақылайды; Министрліктің жобалық кеңсесінің жұмысын үйлестіру; Министрліктің жобалық кеңсесінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және бақылау оның ішінде «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалар жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесінде; Министрліктің Операциялық жоспарын іске асыру бойынша есепті қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады; Министрліктің тиімді қызметі үшін ішкі процестерді реттеу бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Департаментте іс жүргізуді үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады; Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды; е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156