Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаментінің бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДКПО-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын жекешелендіру мәселелері бойынша Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар әзірлейді. Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволықбағынысты ұйымдарын оңтайландыру мәселелері бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар дайындайды. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспары және ісшаралар жоспарларының жобаларын Министрліктің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарына, даму жоспарына сәйкестігін, сондай-ақ жоспарланған шығыстардың негізділігін қарайды. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына талдау жүргізеді. Акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы Министрлікке берілген акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) құрамына Министрліктің және Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілдерін тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізеді. Есепті кезеңде ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің нәтижелерін тыңдау бойынша материалдар дайындайды. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары акционерінің күтулерін (ҚНК) қалыптастырады. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша Министрліктің басшылығына баяндамалар, тұсаукесерлер, талдамалық және анықтамалық материалдар дайындайды. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының таза табыстың бір бөлігін уақтылы аударуын және дивидендтерді республикалық бюджетке төлеуді жүзеге асырады. Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік активтерді басқару мәселелері бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілікті ұсынады. Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының паспорттарын қалыптастырады. Департамент құзыреті шегінде Министрлік ведомстволарының өзқарамағындағы ұйымдарды басқару мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Департаменттің құзыреті шегінде тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және келіседі, сондай-ақ Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар әзірлеген құқықтық актілердің жобаларын келісуге қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жалғыз акционердің, тиісті саланың уәкілетті органының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің бұйрықтарын әзірлейді және Департамент құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының оларды орындауын бақылауды жүзеге асырады. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржы шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізеді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративтік басқару жүйесін, оның ішінде ұйымдардың ішкі қызметін реттейтін құжаттар бойынша ең үздік корпоративтік тәжірибені енгізу ұсынымдары және Департамент құзыреті шегінде олардың сақталуына мониторинг жүргізу арқылы енгізу жөніндегі жұмысты бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Еңбек және атқарушылық тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің талаптарын сақтайды. Департаменттің құзыреті шегінде Департаменттің жұмыс жоспарына ұсыныстар ұсынады. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметін мониторингілеуін жүргізеді. Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156