Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғылыми техникалық әзірлемелер және ғарыш техникасын өндіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 4 маусымға дейін) № УНРИПКТ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Геодезия және картография
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Метрология
  • Ғарыш аппараттарын өндіру

Функционалды міндеттер

Сыбайластық жемқорлықтың туындауына жол бермейді, сыбайлас жемқорлықпен ілесетін немесе сыбайлас жемқорлықты тудыратын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не іс-қимылдарға жол бермейді; Ғарыш саласының ғылым мен технологиялардың жетістіктерін пайдаланужәне оларды Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтік экономикалық прогрессі және ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысы мүддесінде насихаттау бойынша ұсыныстар дайындайды; Ғарыш саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру бөлігінде халықаралық ғылыми-техникалық ыңтымақтастықтың ең перспективалы және тиімді бағыттарын анықтауға қатысады; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жобасына ұсыныстар енгізеді; Ғарыш қызметінің даму саласында салааралық өзара әрекеттесудіқамтамасыз етеді; Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласында және ғылымның басым бағыттарының дамуы бойынша ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыруды жүзеге асырады; Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізудіқоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мониторингін және іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар бойынша есеп берулерді қабылдауды ұйымдастырады; Қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшуы кезінде Қазақстан Республикасы ғарыштық зерттеулері мен тәжірибелерінің ғылыми бағдарламасын дайындау және іске асыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында халықаралық жобаларға қатысуы бойынша іс-шараларды іске асырады; Ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда ғарыш қызметі саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асыру кезеңдеріне, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және нәтижелердің көрсеткіштеріне талдау жүргізеді; Экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда ғылыми техникалық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді; Өз құзыреті шегінде пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi ментехникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстарын ұйымдастырады; Ғарыш саласында ғылыми-техникалық қызметтің мәселелері және кадр әлеуеті бойынша кеңестерге, халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми- техникалық конференциялар, көрмелер, ведомствоаралық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады және өткізуге қатысады; Комитеттің Ғылыми-техникалық кеңес қызметін ұйымдастырады; Өз құзыреті шегінде Комитет және Министрлік басшылығының қызметін хаттамалық-ұйымдастырушылық және ақпараттықталдамалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады; Басқармаға жүктелген міндеттерге сай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес Министрліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ғарыш жөніндегі кеңестің отырыстарына материалдарды дайындауға қатысады; Комитеттің жоспарлары мен есептерін қалыптастыруға қатысады; Басқарманың құзіреті шегінде келесі жылғы Комитет бюджетін қалыптастыруға және ағымдағы жылғы бюджетті түзетуге, Комитет әкімшілік ететін ғарыш саласындағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады; Өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес ғарышқызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді, келіседі; Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін әзірлейді; Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені әзірлейді; Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаториялық-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді; Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын әзірлейді; Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердіқабылдау тәртібін әзірлейді; Өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы үшін құрылатын ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардыңөтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Басқарманың жұмысын жетілдіруге қатысады, атқарушылық және еңбектәртібін сақтайды, біліктілігін арттырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2025 – 20.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156