Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Әкімшілікқұқықтық жұмыс басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін) № УАР-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады; Қызметтік тәртіпті сақтайды; Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдайды; Қызметтік этиканы сақтайды; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтайды; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін Заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтайды, ол жөнінде қолхат береді; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдаланады; Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпейді; Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуі бойынша шаралар қабылдайды; Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтауын бақылайды; Комитет басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асырады;Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстармен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Комитет басшылығына басқарма қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді;Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындайды; Басқармаға жүктелген функциялар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды; Комитеттің құзыреті шеңберінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдауды қамтамасыз етеді; Комитет құзыреті шегінде Министрліктің Операциялық даму жоспарының жобасына ұсыныстар енгізеді, бақылаудан шығару шараларының орындалуын қамтамасыз етеді; Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді; Басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауды қамтамасыз етеді; Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспары іс-шараларының нысаналы индикаторларына, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу, сапалы және уақтылы орындалуы бойынша Комитеттің басқа басқармаларымен бірлесіп жұмысты жүзеге асырады;Қажет болған жағдайда Комитеттің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу;Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Парламентіне заң жобаларын енгізу кезінде қатысады;Комитеттің заңды мүдделерін қорғау үшін барлық деңгейдегі соттарға қатысу;Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды жүзеге асырады; Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. Заңнамаға және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді;Тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бекітілген жоспарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру;Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасайды, сондайақ олардың орындалуын бақылайды; Міндеттемелердің қабылдануына талдау мен мониторинг жүргізеді, сондай-ақ міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына қажетті өзгерістер енгізеді; Бюджет қаражатының жұмсалу ерекшеліктеріне қарай талдау және мониторинг жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2025 – 14.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Астана, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156