Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 16 қазанға дейін) № УКВОС-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Көп арналы электр байланысы

Қосымша талаптар

Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Байланыс саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде: байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін; - телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасыныңталаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара ісқимыл жасасу қағидалары; тексеру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау нәтижелерi бойынша әдiлет органдарында мемлекеттiк органның мүдделерiн қорғау; Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі бойынша жұмысты атқарады; Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру бойынша жұмысты атқарады; Радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі жұмысты атқарады; Басқарма жетекшілік етітін жобалар шеңберінде мемлекеттік сатып алу жоспарына, қаржыландыру жоспарына және бюджеттік тапсырыстарға ұсыныстар дайындайды; Қазақстан Республикасы Министрлігінің Қаржы басқармасымен бірлесіп Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде үш жылға арналған бюджеттік тапсырысты қорғау бойынша жұмысты ұйымдартыру; Басқарма құхыреті шеңберінде байланыс саласындағы мәселелері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Тексерулерді және байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына бақылау жүргізеді; Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты атқарады; Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты атқарады; Басқарма құзыреті шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты атқарады; Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдайды; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды; Өзінің лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес функцияларды жүзеге асырады; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті; Қызметтік тәртiпті сақтайды; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтайды; Қызметтік әдепті сақтайды; Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындайды; Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтайды, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтайды, ол жөнiнде қолхат береді; Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпейді; Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және сеніп тапсырған мемлекеттік мүлікті тек қана қызметтік мақсатта қолданады; Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді; Лауазымды міндеттерін тиімді орындау үшін біліктілігін және кәсіби деңгейін арттырады; Өзінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Басқармаға жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындайды; Басқарма қызметкерлері еңбек тәртібі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақтайды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша шараларды қабылдайды; Басқарманың құзыреті шеңберінде Минисрліктің Стратегиялық және Операциондық жоспар іс шараларының мақсатты индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне, сапалы және уақытылы орындалу бойынша жұмысты атқарады; Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі бойынша жұмысты атқарады және анықталған жағдайда оларды сәйкестендіреді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындайды; Министрлік және Комитет басшылығының басқада тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2025 – 14.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156