Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРНТИИВОС-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Радиобайланыс, радиохабар және теледидар
- Көп арналы электр байланысы
Қосымша талаптар
Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер; автоматтандыру және басқару
Функционалды міндеттер
KazSat сериялы байланыс және хабар тарату спутниктерін орналастыру, тағайындау мәселелері бойынша құжаттарды дайындау. Құзыреті шеңберінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды жүргізу. Радиобайланыс, реттеу және радиожиілік спектрін тиімді пайдалану мәселелері бойынша аумақтық органдармен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен, оның ішінде Халықаралық электр байланысы одағымен және Байланыс саласындағы өңірлік достастықпен өзара іс-қимыл жасау. Радиобайланысты жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. РЖС тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу және жұмыстар жүргізу. Өз қызметінің қажетті есебін дайындау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156