Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРДВОТ-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Көп арналы электр байланысы
Қосымша талаптар
Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер
Функционалды міндеттер
Cалық салу және лицензиялау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; Республикалық бюджет комиссиясының қарауына есеп-қисаптарды ұсына отырып, өтінімді әзірлеу және түзету; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын келісу; Комитетте мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және салық аймақтарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу; салық органдарына азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық жабдықты және жоғары жиілікті құрылғыларды, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген немесе енгізілгендерді әкелуге берілген лицензиялар туралы есептілікті тоқсан сайын ұсыну; Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) тағайындау, радиоэлектрондық жабдықты және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық жабдықтың электромагниттік үйлесімділігін салық салу бөлігінде есептеу қағидаларын бекіту және оларға өзгерістер енгізу. Тарифтер. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат беру және өтініштерді қарастыру бойынша келесі байланыс түрлері бойынша жұмыстар жүргізу: магистралдық РРЛ, аймақтық РРЛ, телевизиялық сигналдарды тарату үшін РРЛ, УҚТ-байланысы. Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру және өтініштерді қарау бойынша жұмыстар жүргізу және (немесе) оларды импортқа лицензиялар беру. Қазақстан Республикасының радиожиіліктер бойынша ведомствоаралық комиссиясына қажетті құжаттарды әзірлеу. РЖС мәселелері бойынша аумақтық органдарымен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету. РЖС иелікке беру бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу. РЖС бөлу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. РЖС тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жұмыстар жүргізу және ұсыныстар енгізу. РЖС мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметін ұйымдастыру. Өз қызметінің қажет есептілігін дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де қызметтерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156