Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) №ДМСИИ-4-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Қаржы
- Жобаны басқару
Қосымша талаптар
Мамандық: сауда экономикасы
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындайды. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарайды және орындайды. Министрлік жетекшілік ететін Ынтымақтастық салалары басқармасының құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелеріне халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Министрлік жетекшілік ететін Ынтымақтастық салалары басқармасының құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық шарттар мен өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдары әзірлеушілері болып табылатын халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттардың жобаларын қарайды және келіседі. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен, ЖАОмен бірлесіп, Қазақстан бөлігін жүргізу Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссия шеңберінде ұстанымдар мен басымдықтарды әзірлеу, ілгерілету. Министрлік жетекшілік ететін Ынтымақтастық салалары басқармасының құзыреті шегінде шет мемлекеттермен ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық шарттар мен өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Екі жақты және көпжақты форматта шет мемлекеттермен байланыстарды одан әрі дамыту бойынша ағымдағы жай-күйге талдау және ұсыныстар әзірлеуді жүргізеді. Өз құзыреті шеңберінде Министрдің қатысуымен өтетін екіжақты халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді. Ел басшылығы мен Үкіметтің қатысуымен өтетін екіжақты халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады. Министрдің қатысуымен Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін хаттамалық халықаралық ісшараларды қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінімді қалыптастырады және өз өкілеттіктері шеңберінде ақшалай қозғалыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Министрліктің нысаналы индикаторына қол жеткізу жөніндегі міндеттерді іске асыруды жүзеге асырады. Министрлік реттейтін салалардағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының ұсыныстарын енгізеді. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде ұлттық ұстанымды қалыптастыруға қатысады. Министрлік реттейтін салаларда халықаралық ұйымдардың отырыстарын өткізуді және оларға қатысуды ұйымдастырады. Министрлік реттейтін салаларда халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер жүргізуді ұйымдастыруды үйлестіреді. Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға кіруі бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге қатысады. Министрлік реттейтін салалардағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрлік басшылығының (министрдің, аппарат басшысының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін халықаралық ісшараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскер топтарымен өзара іс-қимыл жасайды. Белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, ұйымдарымен және іскер топтарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды сақтайды. Министрліктің регламентін және министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәселелер мен қабылданған шешімдердің сипатын Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156