Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Қалалық орта байланысын дамыту басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) № УРСГС-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Көп арналы электр байланысы

Функционалды міндеттер

Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, бекітуге енгізеді; Қазақстан Республикасының қалалық ортасының байланысын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, атқарушы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен Интернет желісіне мобильді қолжетімділікпен өзара іс-қимыл әрекеттеседі; Қазақстан қалаларында «Ақылды қала» жүйесін енгізуді жүзеге асырады; Есептегіштердің көрсеткіштерін берудің коммуналдық жүйелерін байланыс операторларының желілерімен біріктіру Қазақстан Республикасы қалаларының байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді;Байланыс жобаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына ұсыныстарды дайындау жұмыстарын жүргізеді; Телекоммуникациялар жобаларын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты (Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық, Халықаралық электр байланысы одағы) жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;Қамту картасын жасай отырып, қалалардағы байланыс сапасы төмен орындардың мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді; Телекоммуникация жобаларын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жол карталарын әзірлейді (АМС салу, бір және т. б.); Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға.Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға.Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға.Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға.Қызметтік тәртiпті сақтауға.Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға.Қызметтік әдепті сақтауға. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға.Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге.Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге.Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға. Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге. Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға. Өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті. Басқарма құзіреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциондық жоспары іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау, нәтижелер көрсеткіштеріне, мақсаттық индикаторларға жету бойынша жұмыстарды үйлестіреді; Басқарма құзіретіне кіретін нормативтік-құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді және анықталған жағдайда оларды сәйкестендіреді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындауды қамтамасыз етеді; Министрлік және Комитет басшыларының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.12.2024 – 27.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156