Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) № УКВОС-6
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Көп арналы электр байланысы
Қосымша талаптар
Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер
Функционалды міндеттер
Байланыс саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде: - байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін; - телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс қимыл жасасу қағидалары;Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі бойынша жұмысты атқарады; Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен ісшараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру бойынша жұмысты атқарады;Радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі жұмысты атқарады;Басқарма жетекшілік етітін жобалар шеңберінде мемлекеттік сатып алу жоспарына, қаржыландыру жоспарына және бюджеттік тапсырыстарға ұсыныстар дайындайды; Қазақстан Республикасы Министрлігінің Қаржы басқармасымен бірлесіп Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде үш жылға арналған бюджеттік тапсырысты қорғау бойынша жұмысты ұйымдартыру; Басқарма құзыреті шеңберінде байланыс саласындағы мәселелері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;Тексерулерді және байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына бақылау жүргізеді;Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты атқарады; Осы жұмыс шеңберінде «Қазпочта» АҚ көрсететін қызметтерді қоспағанда, банктік қызметтерді көрсетуге заңмен тыйым салынған тұлғалар жүзеге асыратын қаржылық операцияларды бақылау және есепке алу жүзеге асырылады; Жоспардан тыс тексерулер, байланыс операторларына салынған өсімпұлдар бойынша есепке алу-бақылау жұмыстарын жүргізеді, салық органдарымен өзара әрекеттесу кезінде төлемнің жай-күйін тексереді, сондай-ақ бюджетке төленген төлемдер бойынша есеп береді.Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты атқарады;Басқарма құзыреті шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты атқарады; Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды;Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдайды; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды;Өзінің лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес функцияларды жүзеге асырады;Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті;Қызметтік тәртiпті сақтайды;Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтайды;Қызметтік әдепті сақтайды;Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындайды; Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтайды, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтайды, ол жөнiнде қолхат береді;Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпейді; Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және сеніп тапсырған мемлекеттік мүлікті тек қана қызметтік мақсатта қолданады;Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді;Лауазымды міндеттерін тиімді орындау үшін біліктілігін және кәсіби деңгейін арттырады;Өзінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;Басқармаға жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындайды;Басқарма қызметкерлері еңбек тәртібі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақтайды;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша шараларды қабылдайды;Басқарманың құзыреті шеңберінде Минисрліктің Стратегиялық және Операциондық жоспар іс шараларының мақсатты индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне, сапалы және уақытылы орындалу бойынша жұмысты атқарады;Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі бойынша жұмысты атқарады және анықталған жағдайда оларды сәйкестендіреді;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындайды;Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және оларды жасаған тұлғаларға қатысты деректер банкін толтыру (салық органдарына төлемдер мен алымдар бойынша Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін радиожиіліктердің берілген белдеулерін, радиожиілік араналарны пайдаланғаны үшін мәліметтер беру);Радиожиілік спектр үшін төленетін төлем ақының дұрыс есептеуін жүргізу (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес мәліметтерді БЖТ ақпараттық жүйесіне, оларды жасаған адамдар туралы мәліметтерді уақтылы толтыру); Басқарма жетекшілік ететін жобалар (РМК РМҚ-мен РЖС бойынша шарт) шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және Мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындайды; Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы деректер банкін толтырады (салық органдарына төлемдер мен алымдар бойынша берілген радиожиілік белдеулерінің, радиожиілік арналарының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін мәліметтер беру);Министрлік және Комитет басшылығының басқада тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156