Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УПРК-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

Жаратылыстану ғылымдары: (математика және информатика);

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, нәтижелеркөрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің жұмыс жоспары мен Операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша қатысу; Министрлікте және басқа да мемлекеттік органдарда құрылатыннормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысуға, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін конкурстарға, кеңестерге, отырыстарға қатысуға; Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингжүргізуге, сондайақ талап-арыз жұмысы бойынша бақылауға қатысу; Заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелерібойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасынтүсіндіру; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті)қамтамасыз ету жөніндегі ісшараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі министрліктің ұйымына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелерібойынша жұмысқа қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, басқарудағы Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындауға қатысу; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті)қамтамасыз ету мәселелерібойынша мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара ісқимылды ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыру; Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша Министрліккеұсыныстар мен есепті ақпаратты енгізу мәселелері бойынша қатысу; Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздік)қамтамасыз ету саласындаұлттық стандарттар мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысу; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қатерлері туралы халықтыңхабардарлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері арасында оқытуды өткізуге іс-шаралар өткізуге қатысу; Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттықрезервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу; Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидаларын әзірлеу; Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондықүкіметтің» Электрондық поштаның бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеуге қатысу; «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттыққауіпсіздігі оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу; Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың ұлттық дағдарысқақарсы жоспарын әзірлеу; Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстанның рейтингін арттыружөніндегі жұмыс; Комитеттің жетекшілік ететін мәселелері бойынша мемлекеттікоргандармен өзара іс-қимыл, Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін қарау; Іс-қимыл жоспарын орындауға қатысу (ҰҚК); Министрліктің жұмыс регламентіне сәйкес ішкі еңбек тәртібініңережелерін сақтау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпаратқұралдарында сөз сөйлеу; Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернетресурстарында жариялау үшін материалдарды (пресс-релиздерді) дайындау кезінде ұйымдастыру және бақылау; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.12.2024 – 20.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156