Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УКВСОГУ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекет Басшысының,   Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі Кеңсесінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру; Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде Мемлекеттік корпорацияға, мемлекеттік корпорацияның қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға әдіснамалық көмек көрсету. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер тізіліміне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге Мемлекеттік корпорация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау (орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп). Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Басқарманың және Мемлекеттік корпорацияның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және келіседі. Мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде болған өзгерістер туралы министрліктің басшылығын уақтылы хабардар ету. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы әзірленуіне және бекітілуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарастырады. Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік корпорацияның ішкі құжаттарын, ОМО мен Мемлекеттік корпорация арасындағы меморандумдарды келісу. Министрліктің алқаларына, аппараттық кеңестеріне ақпарат дайындауды жүзеге асырады, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, ақпараттарды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысады. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастырушылық - техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Тиісті нормативтік құқықтық актілерді келісу кезінде оңтайландырылған құжаттарға талдау жасау. Жұмыс топтарына, кеңестерге қатысу. Бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру, мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың сауалдары мен консультацияларын қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру. «Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз ету (мемлекеттік қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту). Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау. Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша жұмысты орындау. Басқарманың ережесінде белгіленген функцияларға сәйкес құзыреті бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды орындау. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Әкімшілік-қаржылық жұмысы басқармасына уақтылы ұсынуға және хабарлауға қатысу. Басқарма құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекітуге енгізу бойынша жұмыстарды орындайды. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.12.2024 – 11.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156