Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметті» дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УР«П-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
- Автоматика, телемеханика және байланыс
Функционалды міндеттер
Цифрлық бастамалар бойынша ұсыныстар әзірлеу (жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры АЖ, әлеуметтік әмиян және басқалар); Цифрлық бастамалар шеңберінде жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру; Цифрлық бастамалар бойынша жол карталарын іске асыру мониторингін жүргізу; Реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету; Реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; Реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету; Цифрлық бастамаларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және комитеттерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен цифрлық бастамаларды дамыту мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасау; Өз құзыреті шеңберінде НҚА жобаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде жобалар бойынша Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді қамтамасыз етуге қатысу; Министрліктің құзыретіне кіретін өңірлердің жүйелі проблемалық мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу оларды пысықтау және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және комитеттерімен бірлесіп іске асыру; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Өңірлерді дамыту бағдарламаларын қарау және келісу; Талдамалық ақпаратты дайындау, сервистерді дамыту мәселелері бойынша Басшылыққа ұсыныстар енгізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық-талдамалық ақпарат дайындау; Өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету; Басқарма әзірлеуші болып табылатын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, Министрліктің стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының мақсатты индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыс жүргізу; Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің және мемлекеттік органдардың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының жобалары бойынша ұсыныстарды қарау және енгізу; Басқарманың құзыреті шеңберінде басқарудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу; Басқарманың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының, өзге де мемлекеттік органдардың заңнамалық актілердің жобаларын дайындау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар (анықтамалар, шешімдер жобалары, презентациялар) дайындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдармен хат алмасуды жүргізу; Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік сатып алу және нормативтік құқықтық актілердің мониторингі жөніндегі ісшараларды уақтылы ұйымдастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары және мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету; Министрлікте, жетекшілік ететін салаларда/салаларда және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Министрлікте, жетекшілік ететін салаларда/салаларда және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы ісқимыл жөнінде шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқармаға жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. Жетекшілік ететін жобалар бойынша бюджеттік өтінімдерді және олар бойынша есептерді әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілер бөлігінде әзірлеу, сот отырысына қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156