Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) № УРДВОТ-6

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Көп арналы электр байланысы

Қосымша талаптар

Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту; Елицензирование порталда тапсырма мәлімдемелерін әзірлеу Телекоммуникациялар комитетімен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге электрондық лицензия беру. Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту бойынша нормативтік құқықтық актілерді рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;өз құзыреті шегінде радиоэлектрондық жабдықты және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану үшін радиожиілік спектрін тарату және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) тағайындау, радиоэлектрондық жабдықты және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиоэлектрондық азаматтық мақсаттағы электромагниттік үйлесімділікті есептеу қағидаларын әзірлеу;Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және басқа да ісшараларды өткізеді.Байланыс саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін реттейтін нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеуді қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру бойынша жұмыстарды атқарады; Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау бойынша жұмыстарды атқарады; азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу бойынша жұмыстарды атқарады; Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін қоса алғанда бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар және (немесе) олардың импортына лицензия беру бойынша жұмыстарды жүргізеді.Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындайды Министрліктің Қаржы басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы сұрақтар бойынша белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарайды; Бөлінген және резервтегі нөмірлеу ресурсының тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүргізеді; Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондайақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді; Радиожиілік спектрді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді; Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді; Басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді; Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдайды; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды; Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асырады; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болады; Қызметтік тәртiпті сақтайды; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтайды; Қызметтік әдепті сақтайды; Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындайды; Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтайды, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтайды, ол жөнiнде қолхат береді; Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпейді; Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдаланады; Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді; Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттырады; Өзін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Басқарма құзіреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциондық жоспары іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау, нәтижелер көрсеткіштеріне, мақсаттық индикаторларға жету бойынша жұмыстарды үйлестіреді; Басқарма құзіретіне кіретін нормативтік-құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді және анықталған жағдайда оларды сәйкестендіреді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындауды қамтамасыз етеді; Министрлік және Комитет басшыларының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2024 – 25.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156