Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Мемлекеттік саясат басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УГП-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Қосымша талаптар

Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника; байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар

Функционалды міндеттер

Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарманың құзыретіне кіретін жасанды интеллект, инновациялық қызмет, ғылыми-техникалық даму, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы мемлекеттік саясат бойынша жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Жасанды интеллект, инновациялық қызмет, ғылыми-техникалық даму, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың консультативтік-кеңесші органдарының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, жасанды интеллект, инновациялық қызмет, ғылыми-техникалық даму, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер мен ақпараттық технологиялар мемлекеттік саясатының тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы халықаралық тәжірибені зерттейді. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты жүргізу; мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ оны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; Ұлттық даму институтының технологиялық даму салаларындағы қызметіне қатысты даму саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын қарайды;; Басқарманың құзыреті шегінде тиісті бюджеттік бағдарламаны, стратегиялық жоспарды және Министрліктің бюджеттік өтінімін қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысады; Еліміздің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; Басқарма құзыретіне кіретін Комитет пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамаларды әзірлейді, басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдары дайындайды. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Ол туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдайды. халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады. Басқару қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу Келісімшарттардың, келісімдердің, актілердің және персоналды оқыту бағдарламаларын іске асыруға байланысты басқа да құжаттардың жобаларын дайындау және құқықтық сараптамадан өткізу. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысты тендерлік және сатып алу рәсімдерін құқықтық қамтамасыз ету. Сыртқы серіктестермен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімдерді дайындауға және жасасуға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.11.2024 – 28.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156