Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар департаменті Халықаралық шарттар және ілгерілету басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) №ДМСИИ-3-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Информатика
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы
  • Жобаны басқару

Қосымша талаптар

Мамандық: сауда экономикасы

Функционалды міндеттер

Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында халықаралық шарттар жасасу мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жүргізу жөніндегі Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, халықаралық шарттарды орындау және іске асыру жөніндегі министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметін үйлестіруді, оның нәтижелері бойынша тиісті жиынтық есеп жасауды жүзеге асырады. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында жасалған халықаралық шарттарды бекіту (ратификациялау) бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Әзірлеушілері Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдары болып табылатын халықаралық (мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық) шарттардың жобаларын қарау және келісу кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын үйлестіруді жүзеге асырады. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында жасалған халықаралық шарттарға мониторинг және талдау жүргізеді, сәйкессіздік анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, қолданылуын тоқтата тұру не күшін жою туралы ұсыныстар әзірлейді. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеуді, есепке алуды және сақтауды жүргізеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларына Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының ұсыныстарын енгізеді. GovTech шешімдерді ілгерілету мәселелері бойынша шарттар мен өзге де құжаттардың жобаларын талқылау жөніндегі келіссөздерге қатысады. Министрліктің нысаналы индикаторына қол жеткізу бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде жобалық қызметті жүзеге асырады. GovTech шешімдерді ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына GovTech шешімдерді ілгерілету мәселелері бойынша шетелде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Министрлік реттейтін салаларда GovTech шешімдерді ілгерілету бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскер орталарымен өзара іс-қимыл жасайды. Белгіленген тәртіппен уәкілетті органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің іскер орталарымен өзара іс-қимыл жасайды. Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша басқарма қызметіне қатысты бөлігінде анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асырады. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды. Мемлекеттік және еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шараларды сақтайды. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.11.2024 – 27.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156