Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Тіркелген байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік) № УМИРПФС-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Автоматтандырылған ақпарат өңдеу және басқару жүйелері
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері

Қосымша талаптар

жаратылыстану ғылымдары (математика және информатика)

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын бөлу. Басқармаға жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау. Комитет басшылығына басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу. Байланыс саласындағы қызметті регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және бөлу. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе Құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Телекоммуникация жобаларын дамытуға қатысты есептерді, анықтамаларды, тұсаукесерлерді және басқа да құжаттарды дайындау. Халықаралық ұйымдармен байланыстың негізгі мәселелері (ХЭО, БАД және т.б.) бойынша өзара іс-қимыл жасау. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.11.2024 – 12.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

 +77172649156