Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті Мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қызметтер басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № ДГИК-4-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Кадастр
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, Комитетке тікелей қатысы бар міндеттер мен индикаторларға қол жеткізу; Басқарманың құзыреті шегінде Департаментке келіп түскен азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен арыздарын қарайды және геодезиялық және картографиялық қызмет мәселелері бойынша жауаптар мен қажетті түсіндірмелерді, сондай-ақ органдардың ұсыныстары мен сұрауларын дайындайды; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді жүзеге асыру; Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; Басқарманың өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды жүзеге асыру бойынша жұмысқа қатысу;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2024 – 11.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156