Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УООГУПП«О-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүйелі талдау жүргізуді қамтамасыз ету және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар енгізу; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін әзірлеу; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету. Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өтініштері мен сұрау салуларын қарауды жүзеге асырады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарауды жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорацияның қызметі бойынша ай сайынғы жиынтық ақпаратты уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша Министрліктің алқа мәжілістеріне, аппараттық кеңестеріне ақпарат дайындауды жүзеге асырады. Халықаралық қатынастар саласында жиынтық материалдарды, ақпаратты, есептерді, басқа да құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауға, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық шарттарды жасасуға және жүргізуге қатысады. Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша қызметтік іссапарларға шығады. Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмыс топтарына қатысу. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу. Министрліктің құжаттау және құжаттаманы басқару регламентін, қағидаларын сақтау. Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік корпорацияны дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша жұмысты орындау. Басқарманың ережесінде белгіленген функцияларға сәйкес құзыреті бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты орындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты орындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Жетекшілік ететін жобалар бойынша бюджеттік өтінімдерді және олар бойынша есептерді әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілер бөлігінде әзірлеу, сот отырысына қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156