Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Жасанды интеллектті салаларда қолдану басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 9 тамызға дейін) № УПИИВО-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар
  • Есептеу техникасы және ақпараттық желілер

Қосымша талаптар

Мамандық: өнеркәсіптік электроника; ақпараттық технологиялар

Функционалды міндеттер

Басқарма басшылығына қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану бойынша жоспарлар мен жобаларды әзірлеу жұмыстарына қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін Комитет пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды. Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Комитет және Министрліктің басшылығына талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындайды. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысына материалдар дайындауға қатысады.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарастырады. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану бойынша халықаралық тәжірибені зерттейді. Басқарма құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен келісуге қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар мен материалдарды дайындайды. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттардың есебі және сақталуы, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Орындаушылық және қызмет тәртібін сақтайды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156