Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) №УКВОС-8

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Көп арналы электр байланысы

Қосымша талаптар

Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер

Функционалды міндеттер

Байланыс саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; тексеру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау нәтижелерi бойынша әдiлет органдарында мемлекеттiк органның мүдделерiн қорғау Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде: - бірыңғай кезекшілік диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібі; қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi талаптары; радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғыға рұқсатты алып қою тәртібін; - ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар бойынша бойынша жұмысты атқарады; Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, қызметтік куәлікті көрсету бойынша белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін радиожиілік спектрін пайдаланатын және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілердің байланыс объектілеріне кіру бойынша жұмысты атқарады; Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиелік құрылғыларды пайдалануды бастау туралы хабарлама болмаған және (немесе), белгіленген нормаларға техникалық сипаттамалары сәйкес келмеген жағдайда, оларды сөндіру бойынша жұмысты атқарады; Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару бойынша жұмыстарды атқарады;Басқарма жетекшілік етітін жобалар шеңберінде мемлекеттік сатып алу жоспарына, қаржыландыру жоспарына және бюджеттік тапсырыстарға ұсыныстар дайындайды;Қазақстан Республикасы Министрлігінің Қаржы басқармасымен бірлесіп Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде үш жылға арналған бюджеттік тапсырысты қорғау бойынша жұмысты ұйымдартыру;Басқарма құхыреті шеңберінде байланыс саласындағы мәселелері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;Байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына бақылау жүргізу бойынша тексерулер жүргізеді;Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты атқарады; Басқарма құзыреті шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты атқарады;Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды;Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдайды; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды;Өзінің лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес функцияларды жүзеге асырады;Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті;Қызметтік тәртiпті сақтайды;Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтайды;Қызметтік әдепті сақтайды; Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындайды; Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтайды, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтайды, ол жөнiнде қолхат береді; Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпейді;Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және сеніп тапсырған мемлекеттік мүлікті тек қана қызметтік мақсатта қолданады;Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді;Лауазымды міндеттерін тиімді орындау үшін біліктілігін және кәсіби деңгейін арттырады; Өзінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Басқармаға жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындайды;Басқарма қызметкерлері еңбек тәртібі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақтайды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша шараларды қабылдайды; Басқарманың құзыреті шеңберінде Минисрліктің Стратегиялық және Операциондық жоспар іс шараларының мақсатты индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне, сапалы және уақытылы орындалу бойынша жұмысты атқарады;Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі бойынша жұмысты атқарады және анықталған жағдайда оларды сәйкестендіреді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындайды; Министрлік және Комитет басшылығының басқада тапсырмаларын орындайды. Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ісқимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жұмысты үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156