Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті Деректер архитектурасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік) №ДАИПЦТ-5-5, №ДАИПЦТ-5-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
  • Информатика, есептеу техникасы және басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға. Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға. Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға. Қызметтік тәртiпті сақтауға. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға. Қызметтік әдепті сақтауға. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге. Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға. Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге. Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға. «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде Стратегиялық және операциондық жоспары іс шараларының мақсатты индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне, сапалы және уақытылы орындалу бойынша жұмыстарды орындауға. Басқарманың құзыреті шегінде мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарастыруға. Департамент жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Департамент жобаларын іске асыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі. Деректерді басқару талаптарын әзірлеу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік басқару домендері бойынша деректер архитектурасын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Деректерді талдауды дамыту бойынша жұмысты жүзеге асыру. Департамент құзыреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды қарайды және енгізеді. Департамент құзыреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бойынша шарттар, Меморандум, келісімдер жобаларын қарастырады және келіседі. Өз міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асыруға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2024 – 30.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156