Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті Smart City басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік) №ДАИПЦТ-6-2, №ДАИПЦТ-6-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Экономикадағы ақпараттық жүйелер
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
  • Информатика, есептеу техникасы және басқару

Функционалды міндеттер

Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма құзыретіне кіретін Департамент пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды. Өңірлерді цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. «Ақылды қалалардың эталондық стандартын» қажеттігіне қарай әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асырады; «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; Цифрландыру өңірлеріндегі даму мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және комитеттерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады; Өңірлерде цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша талдамалық ақпаратты дайындау, басшылыққа ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; Министрліктің құзыретіне кіретін өңірлердің жүйелі проблемалық мәселелерінің тізілімін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады; Өңірлер арасында «Ақылды қалалар» рейтингін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады; Цифрландыру өңірлеріндегі даму мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және комитеттерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шеңберінде НҚА жобаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету. Департаменттің құзыреті шегінде жобалар бойынша Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді қамтамасыз етуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрлік басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындайды. Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдармен кеңестерге материалдар дайындауға қатысады. Өз құзыреті шегінде стратегиялық бағдарламалық құжаттардың мониторингін әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысады. Басқарма істерінің номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Ол туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәселелер мен қабылданған шешімдердің сипатын е-Өтініш ақпараттық жүйесінде сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2024 – 30.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156