Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УДЗЗИГС-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Метрология
  • Ғарыш аппараттарын өндіру
  • Физика және астрономия
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Комитет, Министрлік басшылығының, Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрі Аппаратыны4 тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындауын қамтамасыз ету және жүзеге асыру; Басқармаға жүктелген міндеттерге сай Министрліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президент Әкімшілігінің, Парламентінің отырыстарына материалдарды дайындауға қатысу; Сыбайластық жемқорлықтың болуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлықпен ілесетін немесе сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларда, оның ішінде Басқарма қызметшілерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, не іс-қимылдарға жол бермеу; Өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы мемлекеттік саясатың орыдалуын қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде ғарыш саласындағы мемлекеттік бақылауды орындауға қатысу; Ғарыш инфраструктурасын дамытудың жобалары мен бағдарламаларын бақылау және орындауды қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде Министрліктің реттеушілік, орындаушылық және бақылаушылық функцияларын жүзеге асыруға және стратегиялық функцияларын орындауға қатысу; Қазақстан Республикасының атынан жасалған ғарыш саласындағы халықаралық шарттар бойынша міндеттерді орындауға қатысу; Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу; Өз құзыреті шегінде нормативті-құқықтық актілерді әзірлеу және келісу және олар бойынша құқықтық мониторинг жүргізу; Өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін әзірлеу және өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу; Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзіреті шегінде терроризмге қарсы ісқимыл жүзеге асырады; Комитеттің жоспарлары мен есептерін әзірлеуге қатысу; Келесі жылғы Комитет бюджетін құру және ағымдағы жылғы бюджетті түзету, Комитет әкімшілік ететін ғарыш саласындағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; Өз құзыреті шегінде Комитеттің қарамағындағы ұйымдармен құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; Басқарма жұмысын жетілдіру, орындаушылық және еңбек тәртібін нығайту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сауалдарына, бұқаралық ақпарат құралдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ақпараттық және есептік материалдарды қалыптастыру; Басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Комитет атынан оның мүддесін білдіру; Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтау; е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру); Ғарыш қызметі аясындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асырумен қоса ғылымизерттеушілік жұмыстар өткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру; Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін жасауға қатысу; Ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру; Экономика салаларының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін ғарыш қызметінің нәтижелерін қолдану бойынша ұсыныстар өндіріп шығару; Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерiн құру және пайдалану (қолдану) сұрақтары бойынша нормативті-құқықтық актілері талаптарын орындалуының бақлауын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі Ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін әзірлеу; Қазақстан Республикасындағы ғарыш өнімдері мен қызметі нарығын қалыптастыру бойынша ұсыныстарын әзірлеп енгізу; Сыртқы нарыққа ғарыш өнімдері мен қызметтерін жылжыту бойынша ұсыныстарын әзірлеп енгізу; Өз құзыреті шегінде пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату бойынша жұмыстар ұйымдастыру; Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын анықтау үшін заңды тұлғалар тізімі бойынша Министрлікке ұсыныстарын енгізу; «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарда, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жарғысында және «Ghalam» ЖШС құрылтай шартында бекітілген шешімдер қабылдау жөніндегі жұмысқа қатысу; Ғарыш мониторингі бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғарыштық мониторинг мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; Ғарыштық мониторинг негізінде геоақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – ҒМ ГАЖ) қалыптастыру, толтыру және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс енгізеді; ҒМ ГАЖ-ға қол жеткізуді қалыптастыру, толтыру және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҒМ ГАЖ-да орналастыруға жататын деректерді сұратады және/немесе ұсынады; Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ҒМ ГАЖ-ды деректерімен толтыру және қамтамасыз ету процесін автоматтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; ҒМ ГАЖ-ның өзге де мемлекеттік ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылы және интеграциясы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Мемлекеттік бақылаудың ашықтығын арттыру үшін цифрлық платформаларды әзірлеуге қатысу; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін техникалық пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын, ғарыштан ЖҚЗ деректерін ұсыну бойынша мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне Министрлікке ұсыныс енгізу; Қазақстан Республикасының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын, ғарыштан ЖҚЗ деректерін ұсыну бойынша мемлекеттік тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету; Ғарыш техникасын өндіруге мемлекеттік тапсырманы іске асыруға қатысу; Комитет туралы ережеге және Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру; Басқарма құзыреті шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы жобаларды басқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2024 – 24.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156